Жаңалықтар

Ресей президенті Рамзан Кадыровты орденмен марапаттады

Ресей президенті Рамзан Кадыровты орденмен марапаттады
Фото: Instagram/ya_pomoshnik_kra_95 09.02.2024 09:02 708

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровты екінші дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті жарлық құқықтық ақпарат порталында жарияланған.

Ресей мемлекеттілігін нығайтуға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Шешен Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін II дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» орденімен Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров марапатталсын, - делінген құжатта.

Бұған дейін хабарланғандай, Кадыровтың 16 жасар ұлы да бірқатар марапатқа ие болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға