Жаңалықтар

Ресей мен Украина соғысы басталғалы Қазақстан қандай тауарларды экспорттай алмай отыр?

Ресей мен Украина соғысы басталғалы Қазақстан қандай тауарларды экспорттай алмай отыр?
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙ 19.10.2023 11:08 992

Украина мен Ресей арасында соғыс басталғалы бері Қазақстан біраз тауарларын сыртқа шығара алмай отыр. Бұл қандай тауарлар? Шығын қандай? Аталған мәселеге қатысты Сенат кулуарында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, барлық тауарды экспортқа шығарып жатыр. Бірақ соның ішінде тек соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектеп тастаған.

Бұл – 106 алуан түрлі тауар. Біз оны экспортқа мүлдем шектеп тастадық. Соғысқа қатысты тауарлар дрондар, электрондық арнайы чиптер сол сияқты заттар, – деді ол.

Соғыс басталғалы бері қандай шығын келгені жөнінде тілшілердің қойған сауалына вице-министр ондай ақпарат жоқ екенін алға тартып, шектеу бар 106 түрлі тауар Қазақстанда өндірілмейтінін айтып, Қазақстан аумағы арқылы экспортқа шығарылатын тауар болып саналатынын айтты.

Сондықтан Қазақстанда импорт бар. Бұл тек қана Батыста емес, өзге де мемлекеттерде жасалады, – деді сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға