Жаңалықтар

Ресей мен Беларусь компаниялары санкциядан айналу үшін Қазақстанға тіркеліп алған -депутат

Ресей мен Беларусь компаниялары санкциядан айналу үшін Қазақстанға тіркеліп алған -депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 14.06.2023 12:31 451

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев еліміздің автокөлік тасымалдаушыларына қатысты мәселені қозғап премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, оларға еліміздің автокөлік тасымалдаушыларынан осы саладағы отандық нарықты қорғау қажеттілігі жөнінде үндеухаттары келіп түсіп жатыр екен..

Батыс елдерінің ресейлік және белоруссиялық автокөлік тасымалдаушыларына енгізілген шектеу шараларынан кейін, оны айналып кетуге тырысып, олар өз кәсіпорындары мен көліктерін Қазақстанда тіркеп қазақстандық кәсіпкерлер ретінде Қазақстан квотасы бойынша Еуропа-Қытай аралығында жұмыс атқара бастады, – дейді депутат.

Нәтижесінде, халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын фуралар саны шамамен 2,3 есеге артып, 16 мыңға дейін өскен. Ал қазақстандық болып кеткен ресейлік және белоруссиялық компаниялар нарықтың 70 пайызын басып алған.

Қазақстанның автомобиль тасымалдаушылары мен экспедиторлары одағының мәлімдемелеріне сүйенсек, батыс елдерде ашылғанынан алғашқы үш жыл ішінде жаңа компанияның халықаралық тасымалдарда жұмыс істеу құқығы жоқ. Қазақстанда мұндай жүйе болған жоқ. Сондықтан ресейлік және белорусиялық компаниялар ешбір кедергісіз қазақстандық кәсіпорын ретінде жұмыс істеу салдарынан 5 мыңға жуық қазақстандық жүк көлігі тоқтап, Қазақстан азаматтары жұмыссыз қалды, – дейді депутат Ержан Бейсенбаев.

Яғни, депутат Беларусия мен Ресейге еш шара қолдана алмайтынын айтты. Себебі олар ірі компаниялар болып жұмыс жасайды. Ал біздің елдегі шағын және орта компаниялар.

Сол себепті ішкі нарық пен отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында шағын және орта бизнеке рұқсат бланкілері жағынан артықшылық беруіміз керек. Бұл халықаралық тәжірибеге сай және Еуразиялық экономикалық одақтың тәртібін бұзбайды, – деп атап өтті мәжілісмен өзінің сауалында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға