Жаңалықтар

«Реал Мадридтің» аңызы Мессидің клубында ойнағысы келеді

«Реал Мадридтің» аңызы Мессидің клубында ойнағысы келеді
Фото: © Daisuke Nakashima / Global Look Press 03.08.2023 00:12 757

«Реал Мадридтің» бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ойнайтын «Интер Майамиде» өнер көрсеткісі келеді. Бұл туралы Mundo Deportivo-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі футболшы бұған дейін Францияның ПСЖ клубында ойнаған. Месси секілді Рамос та екі жылдан кейін Париж клубынан кетті.

Егер АҚШ клубымен келісе алмаса, Рамос Сауд Арабиясына аттануы мүмкін.

Айта кетейік, Рамос «Реалдың» намысын 2005 пен 2021 жылдар аралығында қорғады.

«Корольдік» клуб сапында 22 трофейге иелік етіп, Испания чемпионатында бес рет және Чемпиондар лигасында төрт рет топ жарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға