Жаңалықтар

«Реал» клубы жаңа қақпашысын таныстырды

«Реал» клубы жаңа қақпашысын таныстырды
Фото: instagram.com/realmadrid 14.08.2023 16:27 710

Мадридтің «Реал» клубы қақпашы Кепа Аррисабалаганың сапқа қосылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Корольдік» клуб қақпашыны «Челсиден» бір маусымға жалға алды. Жалға алу келісімі 2024 жылғы маусымға дейін есептелген.

Ертең, 15 тамызда, Аррисабала жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне «Реалдың» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылады. Ол 46-нөмірді алды.

Бұған дейін мадридтік клубтың негізгі қақпашысы Тибо Куртуа ауыр жарақат алып, маусымның басым бөлігін емделумен өткізетіні айтылған. Аррисабалага енді бельгиялық қақпашының орнын баса тұрады.

28 жастағы Аррисабалага «Челси» сапында 39 матч өткізіп, 45 гол жіберсе, 12 рет қақпасын құрғақ сақтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға