Жаңалықтар

Рауан Кенжеханұлы жаңа қызметке тағайындалды

Рауан Кенжеханұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: e-history.kz 21.07.2023 12:30 882

Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігіне президент болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп жатыр.

Құрылтай барысында ұйымның президенті Берік Әбдіғалиұлы өзінің мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты орнына Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлының кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған делегаттар дауыс беріп, нәтижесінде Рауан Кенжеханұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға