Жаңалықтар

Расул Ахметов: Қазақстанда 900-ге жуық тіркелген этномәдени орталық жұмыс жасайды

Расул Ахметов: Қазақстанда 900-ге жуық тіркелген этномәдени орталық жұмыс жасайды
29.10.2018 05:26 1810

Бірлігі мен татулығы жарасқан елімізде 140-қа жуық ұлт пен ұлыс бір атаның баласындай бір шаңырақ астында, біртұтас елге айналып тату-тәтті өмір сүруде.

Елімізде мекен еткен ұлттардың арнайы этномәдени орталықтары да құрылған. Олардың әрқайсысы өздерінің ұлттық мәдениетінің, салт-дәстүрінің, мерекелерінің, тағамдары мен тілдерінің ұмытылмай сақталуы үшін, ортақ Отаны – Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жұмыс істейді. Негізінен Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуіне қарай үш түрлі дәрежесі бар. Атап айтқанда, олар республикалық, облыстық және аудандық болып бөлінеді.

Республика бойынша Әділет министрлігіне тіркелген жалпы саны 30 шақты этномәдени орталық бар. Еліміздің әр өңірінде олардың филиалдары жұмыс жасайды. Республикалық және облыстық деңгейдегі ұлттық мәдени орталықтар заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық дәрежедегі орталықтар тіркелмейді. Яғни, оларды жергілікті жердегі басқарушы органдар өздері бақылайды. Осы тұрғыдан келгенде елімізде жалпы саны 900-ге жуық этномәдени орталық жұмыс жасайды екен.

Солардың бірі – түрік этносының «Ахыска» этномәдени орталығы. Бүгінде аталмыш этномәдени орталықтың Жастар комитеті де құрылып, бейбітшілік пен келісімнің, ұлтаралық достықтың сақталуы үшін табысты жұмыс жасауда. Алматы қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының жастар комитетінің төрағасы Расул Ахметовпен аз-кем сұхбаттасып, орталық жұмысының жай-жапсарымен танысқан едік.

БҰЛ ТУРАЛЫ СҰХБАТТЫ МЫНА ЖЕРДЕН ОҚЫҢЫЗДАР

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға