ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып Нұрболат Наржанов тағайындалды.
Наржанов Нұрболат Мейрасбекұлы, 1982 жылы туған, қазақ, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы «КГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003-2006 жылдар аралығында Астана қаласының Соттар әкімшісінің сот орындаушысы, бас сот орындаушысы, ұйымдастыру соты бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2006-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі болып жұмыс жасады.
2007-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бірқатар лауазымдарды атқарды (бас маман, басқарма басшысы, министрдің кеңесшісі мен көмекшісі).
2010-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші және бірінші хатшысы болып жұмыс жасады.
2016-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысының орынбасары болып қызмет істеген.
2018-2019 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - облыс әкімінің хатшылығы басшысының қызметін атқарды.
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік