Жаңалықтар

Қызылжарда полиграфиялық бояу өндіретін кәсіпорын ашылады

Инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асады деп жоспарлануда
Қызылжарда полиграфиялық бояу өндіретін кәсіпорын ашылады
Фото: foxystudio.by 25.01.2023 07:09 1131

Қызылжарда полиграфиялық бояу өндіретін кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Qyzyljar арнайы экономикалық аумағында полиграфиялық бояулар өндірісін іске қосу қарастырылуда. Жаңа кәсіпорында 65 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Ал инвестиция көлемі 5,471 млрд теңгені құрайды.

Шетелдік компания икемді қаптаманы өндіруге арналған шығыс материалдары нарығында 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде компания жеткізілетін өнімнің мінсіз сапасын және тұтынушыларға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, жауапты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болды.

Сондай-ақ, екінші жоба, мөрі бар икемді қаптама өндірісін іске қосу қарастырылуда. Жоспарланған инвестиция көлемі – 5,016 млрд теңге, 70-ке жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Бүгінде полимерлі қаптамалар әлемдегі жетекші полимер өндірушілердің жоғары сапалы, сертификатталған шикізатын қолдана отырып жасалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға