Жаңалықтар

Қызылжарда балтамен оқушыларға шабуылдаған жеткіншекке сот үкімі шықты

Қызылжарда балтамен оқушыларға шабуылдаған жеткіншекке сот үкімі шықты
Фото: © iStock 01.12.2023 10:00 752

Қызылжарда блім ордасына балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған 14 жастағы оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оған 6 жыл 9 ай түрмеде отыру жазасы кесілді. Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған.

Давид Джакеладзе есімді жеткіншек бетперде киіп, екінші қабатта оқушыларды балтамен ұрып, жарақат салған еді. Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты.

Тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті. Күдікті ісін мойындамаса да, дәлелдер келтіріліп, үкім шықты. Судьяның айтуынша, оқушы мұндай әрекетке өз тарапына айтылған сөздерден кейін барған. Оның қылмыс жасауына америкалық кинофильм түрткі болған көрінеді.Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға