Жаңалықтар

Қызылордалық жастар веложарыста бақ сынады

Сайысқа №3 облыстық веломектебі бекіткен қазылар алқасы төрелік етті
Қызылордалық жастар веложарыста бақ сынады
Фото: Жастар ресурстық орталығы 22.10.2022 15:07 1710

«25 қазан – Республика күніне» орай жастар арасында «Сол жағалау», «Болашақ» университеті ғимаратының алдында «Syr Jastary» веложарысы өтті, деп хабарлайды El.kz

Ондағы мақсат - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөсперімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту болды.

Жарысқа қаламыздың жастары қатысып, бақтарын сынады. Сайысқа №3 облыстық веломектебі бекіткен қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс бағдарламасы аясында велоспортшылар «Болашақ» университеті мен «Эдельвейс» айналма жолында 20 шақырымға топтық сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары мәреге жету көрсеткішіне қарай анықталды.

«Syr Jastary» веложарысының қорытындысымен, Тұрар Асылхан I орын, Айдархан Саят II орын,  Тұрат Диас III орынмен марапатталды. Ал қыздар арасында Өтеген Алия I орын, Қуатбаева Ғалия II орын, Асылбек Інжу III орынды иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының дипломдары мен арнайы медальдар, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға