Жаңалықтар

Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбеден Қостанайға қарай жолға шықты

Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбеден Қостанайға қарай жолға шықты
Фото: Видеодан кадр 08.04.2024 06:07 435

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсету үшін жолға шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар Ақтөбе облысындағы құтқару және көмек көрсету жұмыстарын аяқтаған.

ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады. Аталмыш  жұмыстарды жалғастыру мақсатында орталық штабтың тапсырмасына орай олар Қостанай облысына қарай жолға шықты. Ақтөбе облысындағы әріптестер Қызылорда өңірінен келген құтқарушыларға алғыс білдірді,-делінген департамент хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға