Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер Түркияға киіз үй жөнелтеді

Қызылордалық кәсіпкер Түркияға киіз үй жөнелтеді
Фото: aa.com.tr 08.02.2023 15:27 815

«Абай-Дәулет» ЖШС-нің басшылары Мұрат және Марат Сәрсенбаевтар  зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде Түркияға киіз үй салып жібермек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Түрік бауырларға өзіміздің атымыздан жаңа қараша үй жөнелтуді жөн санап отырмыз. Ішінде барлық жасауымен жабдықталған. Жылыту құрылғылары да бар. Қазіргі таңда Астана қаласына тапсырыс беріп жатырмын. Сенбі күні елордадан жүк көлігі шығады, біз өз қараша үйімізді сол көлікке тиеп жіберсек деген ойдамыз. Егер Қызылорда облысынан тағы да киіз үйлер жіберілетін болса, осы жақтан да жіберуге болады. Алайда әзірге ешкім ұйымдастырып жатқан жоқ сияқты», - дейді Марат Сәрсенбаев. 

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттің атынан баратын дүние болғандықтан, киіз үй барлық талапқа сай болу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға