Қызылордадағы секс-құлдық: 11 күдікті қамауға алынды
Фото: © Freepik.com
Фото: © Freepik.com
19.09.2024 15:08
638
Қызылордада қызды жезөкшелікке тартқан және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандардың барлығы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха Сенат отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді.
Іс бойынша 13 айыпталушы анықталды, оның 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта отыр. Бүгінгі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді Лепеха.
Ол ұсталғандардың жасы мен мәртебесі туралы ештеңе алмайтынын, өйткені бұл тергеушінің құзырында екенін түсіндірді. Ол қызды жезөкшелікке салған және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандардың барлығы ұсталғанын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда рэкетирлердің 23 тобы ұсталды
Келесі жаңалық
ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады