Жаңалықтар

Қызылордадағы сауда орталығының алдында ер адам пышақталды

Қызылордадағы сауда орталығының алдында ер адам пышақталды
Фото: © Pixabay.com 15.05.2023 22:31 743

Қызылордадағы сауда орталығының алдында белгісіз адам бір азаматқа пышақ жарақатын салып, өзі оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, хабарлама келіп түскен бойда қала аумағында болған қылмыс туралы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілген.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған, - делінген мәліметте.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қызылорда қалалық ПБ жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен 49 қылмыс ашылып, 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға