Жаңалықтар

Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз көз жұмды

Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз көз жұмды
Фото: © Pixabay.com 10.05.2023 09:15 460

Қызылорда қаласында жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Кінәлі жүргізуші ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға