Жаңалықтар

Қызылордада тәртіп сақтауға мыңнан астам полицей жұмылдырылды

Қызылордада тәртіп сақтауға мыңнан астам полицей жұмылдырылды
Фото: Видеодан алынған кадр 01.01.2024 13:10 734

Қызылордада Жаңа жыл түнінде  тәртіпті сақтауға мыңнан астам полицей жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсанда "102"  арнасына 98 қоңырау келіп түсіп, облыс көлемінде 176 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 105 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды. 

Іс шара барысында тәртіп сақшыларымен мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылықтың 10 дерегі, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің - 29, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 15 дерегі анықталды. Көлік құралын мас күйінде тізгіндеген 3 жүргізуші анықталса, көлік құралын басқару құқығынан айрылған 3 жүргізуші ұсталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Жаңа жыл түні қызылордалық полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, қандай да бір оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері күшейтілген қызметтерін жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға