Жаңалықтар

Қызылордада саябақтағы шамдарды сындырып кеткен

Қызылордада саябақтағы шамдарды сындырып кеткен
Фото: © Polisia.kz 29.08.2023 18:17 483

Қызылордада саябақтағы шамдарды сындырған 5 адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласында 29 тамыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында  жергілікті тұрғындар Мәңгілік алау саябағындағы жарық шамдарын белгісіз азаматтардың сындырып жатқандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама берген. ​

Хабарлама бойынша күдікті 5 тұлға анықталып, үшеуі ұсталды. Қалғаны іздестірілуде.

​Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері  жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға