Жаңалықтар

Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты
Фото: видеодан алынған кадр 22.05.2024 10:50 6128

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай қайтыс болды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Марқұмның анасы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына берген сұхбатында ұлының жоғары сыныпта оқитын балалардан әлімжеттік көргенін айтып отыр. Сәуле Жақсылықованың айтуынша, ұлы өткен сенбіде кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған бала көп ұзамай қайтыс болған.

Жалғызым ұлымнан айырды. Балалардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған екен. Сонда балам «Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы» деп өтінгеніне қарамаған, - деді Ерасылдың анасы.  

Сәуле Жақсылықованың айтуынша, бұған дейін де ұлы бірнеше рет таяқ жеген екен. Соны айтып мектеп директорына барғанда басын алып қашып, мектеп психологынан, басқа мамандардан сұра деп жіберген.

Ерасылдың өліміне күдікті ретінде 10-сыныптың екі оқушысы қамауға алынған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға