Жаңалықтар

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды
Фото: ecpu.ru 12.04.2024 17:19 473

Қызылордада бірнеше үйді тонаған ұры ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бұрын сотты болған 30 жастағы тұрғынды кезекті ұрлық үстінде ұстады. Тергеу барысында аталған күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап келгендігі анықталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6 млн теңгені құрады.

Бүгінгі күні күдіктінің қала аумағында сегіз пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға