Жаңалықтар

Қызылордада өткен идеялар байқауында 100-ге жуық жоба ұсынылды

Қызылордада өткен идеялар байқауында 100-ге жуық жоба ұсынылды
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 24.10.2022 23:10 1622

Республика күніне орай Қызылорда өңірінде жастардың өз Start-Up жобаларын ұсынатын Smart City Kyzylorda Hackathon байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өткізілген идеялар байқауына «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйытқы болды. 

Байқауға қатысқан жастар «Әзірлеу», «Медиа&Білім», «Модельдеу бағытында түрлі сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар, роботехника және анимациялар мен медиа өнімдерін ұсынды. 

Байқауға ниет білдірген 270 қатысушының арасында ІТ үйірмелерге қатысатын оқушылар, колледж, жоғары оқу студенттері мен мұғалімдер бар. 
100-ге жуық жобаны қорғаған жастар ІТ шешім арқылы көптеген проблемалардың алдын алуға болатынын жеткізді. 

Байқауда үздік жобаларымен алға шыққан жастарды облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов пен Қорқыт ата университетінің проректоры Жандос Базартай марапаттады. 

Шахмардан Асқарұлы соңғы жылдары республика және аймақта ІТ секторда тың жобаларды дамытуға ниетті жастарға облыс әкімдігі тарапынан әрдайым қолдау болатынын жеткізіп, роботехника бағытында ауқымды жетістіктер бар екенін қаперге салды. 

Байқау қорытындысымен “медиа&білім” бағытында Қызылорда қаласындағы #140 мектеп оқушысы Аружан Қыдырбай, “модельдеу” бағытында Қазалы ауданының #103 мектеп оқушысы Бейбіт Рахымжан, “әзірлеу” бағытында #14 мектеп-лицей оқушысы Нұрбек Райханов Қорқыт ата университетінің грант игерлері атанды. 

Ал, әр бағыт бойынша І орынды иеленген Оралбек Абдуллаев, Әділ Серік, Еңдік Мұратбек жеңімпаздарға 70 мың теңгенің сертификаты табысталды. 
Сондай-ақ, ІІ, ІІІ орындарға қаржылай жүлде мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Айта кету керек, алдағы уақытта ІТ бағытта  Inno Fest идеялар байқауы өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға