Жаңалықтар

Қызылордада мектеп оқушылары пышақтасты

Қызылордада мектеп оқушылары пышақтасты
Фото: elements.envato.com 05.04.2023 16:35 784

Қызылорда мектептерінің бірінде оқушылар арасында төбелес болып, оқушы пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

2023 жылдың 4 сәуірінде қала мектептерінің бірінде оқушылар арасында жанжал болып, біреуі пышақ жарақатын алды. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қызылорда полиция департаменті.

Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға