Жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz 01.04.2023 20:17 721

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.

Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүк көліктің Казпочта мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.

Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға