Жаңалықтар

Қызылордада киік атқан тұрғын қамауға алынды

Қызылордада киік атқан тұрғын қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.02.2024 08:32 494

Қызылорда облысында 10 киіктің ұшасын сақтаған тұрғын ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді.

«Аталған шара барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны қолға түсті. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасында жасөспірімнің өліміне себеп болған жүргізушісі сотталған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға