Жаңалықтар

Қызылордада IT жобалар хакатоны өтеді

Байқау арқылы ұсынылған идея бойынша бизнеске қолдау табуға мүмкіндік болады
Қызылордада  IT жобалар хакатоны өтеді
Фото: kyzylorda-news.kz 23.10.2022 15:19 1796

Бүгін облыстық ІТ жобалардың байқауы Smart City Kyzylorda Hackathon өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Аталған байқауды Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Astana Hub халықаралық технопаркі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастырады.

Smart City Kyzylorda Hackathon байқауына Қызылорда облысының 14-35 жас аралығындағы ерікті түрде қатысушы азаматтары қатысады.

Байқаудың басты мақсаты – Start-Up жобаларды, цифрлы шешімдер мен талантты мамандарды іздеу. Ұсынылған идея бойынша түптұлға жобасын әзірлеу және көрсету. «Smart city» концепциясы аясында облысымыздағы ақпараттық технологиялар, инновациялық жобалар және стартаптар саласына жастардың қызығушылығын арттыру және дамыту.

Байқау бағдарламасы 3 бағыттан тұрады.

1.«Әзірлеу» (Development) бағыты – сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар әзірлеу бағытындағы жобалардың сайысы.

2.«Модельдеу» бағыты – 3D модельдеу, робототехника, жасанды интеллект, ақылды заттар және BIM технологиялар аясындағы жобалар.

3.«Медиа&Білім» бағыты LMS, онлайн оқыту, анимация мен кинематограф тақырыптарындағы жобалар байқауы.

Жүлде қоры: 450 000 теңге және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 білім гранты.          

Шара байқау жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.

Байқау барлық тілек білдірушілерге, оның ішінде ІТ-мамандар, студенттер мен оқушылар, менеджерлер, дизайнерлер, маркетологтар және техникалық емес саланың мамандарына қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз! Байқау арқылы ұсынылған идея бойынша бизнеске қолдау табуға мүмкіндік болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға