Жаңалықтар

Қызылордада география пәнінің мұғалімі оқушыларға арналған платформа әзірледі

Қызылордада география пәнінің мұғалімі оқушыларға арналған платформа әзірледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 05.09.2023 15:27 829

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, платформа барлық заманауи талаптарға сәйкес жасалған. Бұл мемлекеттік тілдегі бірден-бір платформа.

Жобаның басты жаңалығы – сабақта оқушы жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін түрлі сала бойынша ақпараттарды пайдалана отырып, ресурстарды жүйелеп және оны әдістемеге қосуы қажет. Бағдарлама педагогикалық идеяны инновациялармен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді платформа авторы.

Платформаның аты да ерекше. Ол «Әлемді таны. Серік ағаймен бірге оқы» деп аталады. Платформаны пайдалану арқылы оқушылар пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ға дайындала алады. Қазіргі уақытта оған жаңартылған мазмұн бойынша елдерді тану деректері енгізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға