Жаңалықтар

Қызылордада екі адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

Қызылордада екі адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды
Фото: © iStock 25.04.2023 09:21 840

Қызылордада ауруханада көз жұмған тұрғынға ауыр дене жарақатын салған күдікті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға