Жаңалықтар

Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінен есірткі табылды

Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінен есірткі табылды
Фото: Видеодан кадр 20.05.2024 17:00 774

Қызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ірі мөлшерде есірткі сақтап, сатумен айналысты деген күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Полицияның құрығына түскен 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Ол біраз уақыт Есірткіге қарсы бизнес басқармасы қызметкерлерінің бақылауында болған. Күмән тудырған азаматтың үйін тінту барысында психотроптық есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Және сатуға ыңғайлап, дайындап қойған. Қалаға қарасты елдімекендегі мектепте еңбек еткен мұғалім бір апта бұрын жұмыстан босатылыпты. Оның есірткі бизнесімен қай кезден бастап айналысып жүргені әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат салмағы 261 гр. «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда, - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға