Жаңалықтар

Қызылордада баланы ұрған 41 жастағы тәрбиешіге іс қозғалды

Қызылордада баланы ұрған 41 жастағы тәрбиешіге іс қозғалды
Фото: © Polisia.kz 15.11.2023 17:21 818

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шағымданған ата-ананың арызы түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жеке балабақшада ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдануды сұраған. 

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келгені белгілі болды, дейді полициядан.

Ал сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ. 41 жастағы тәрбиешіге ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға