Жаңалықтар

Қызылордада 7 жастағы бала терезеден құлап кетті

Қызылордада 7 жастағы бала терезеден құлап кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 12.07.2023 23:44 577

Қызылорда қаласында жеті жасар ер бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін, 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.

Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға