Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекен-жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.
Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді.
Аталған дерек екі бап бойынша: ҚР ҚК 296 - бабының 4 - бөлігі және 300 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті УҰИ-на қамалды.
Қызылорда тұрғыны үйінде қарасора өсірген
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?