Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған үшеу ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
8 қараша күні сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және Арал – Сырдария балық шаруашылық инспекциясы «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Қараөзекте Уаз автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктен қапшыққа салынған 254 келі балық алынды. Үш азамат заңсыз балық аулап, сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттемелер алынды.
Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды