Жаңалықтар

Қызылорда облысында құрғақшылық болады – Қазгидромет

Қызылорда облысында құрғақшылық болады – Қазгидромет
Фото: ©Getty IMAGES/Ashley COOPER 03.05.2023 09:53 1448

Мамыр айында Қызылорда облысының екі ауданында құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, оңтайлы ылғалды жағдай Қостанай облысында – Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар және Астрахань аудандарында, Шығыс Қазақстан облысында – Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Қатонқарағай аудандарында және Өскеменде, Алматы облысында – Талғар ауданында болжанады.

Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі: мұнда жауын жаумай, жоғары температура болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға