Жаңалықтар

Қызылорда облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды
Фото: © Polisia.kz 23.08.2023 20:44 781

Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға