Жаңалықтар

Қызылорда облысында 6 адам есірткі өсіргені үшін қамауға алынды

Қызылорда облысында 6 адам есірткі өсіргені үшін қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 16.07.2023 09:17 550

Қызылорда облысында маусым айынан басталған «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам қолға түсіп, оның ішінде 6 күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Республика көлемінде есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс- шарасы 1 маусым және 31 қазан аралығында өткізілетіні бұған дейін айтылған еді. 

Аталған жұмыс барысында Сыр өңірінде есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынып отыр. 

Аталған жұмыстар барысында облыс көлемінде барлығы 39 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Оның ішінде 20-ы есірткі өсіру, 2-і есірткі өткізу, 3-і аса ірі мөлшерде сақтау және 14-і есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар саналады. Заңсыз айналымнан 1,6 тонна есірткі заты алынды. Полиция қызметкерлері олардан 5 келіден астамы «марихуана», 5 грамм «гашиш» және 1 тонна 610 келі каннабис өсімдігі тәркіледі, - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға