Қызылорда қалалық сотына 4 айлық қызы қайтыс болған әйел шағымданған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Талап қоюшының 4 айлық қызы 2023 жылы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Сол күні перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі өлі туылған. Балалардың мәйіттері мәйітханаға жеткізілген.
Талап қоюшыға мәйітті беру туралы өтініш бергенде, мәйітхана қызметкерлері оның баласының мәйіті қателесіп басқа ата-анаға берілгенін хабарлаған. Соңғысы мұны білмей, талап қоюшының сәбиін жерлеген. Содан кейін эксгумация рәсімі жүргізіліп, қыздың денесі талап қоюшыға берілген.
Міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін мәйітхана қызметкеріне тәртіптік жаза – қатаң сөгіс берілген. Бюроның бас дәрігері қызметінен босатылған. Сот бұл факті медициналық мекеме қызметкерлерінің салғырттығынан орын алғанын растады.
Бұл жағдайлар талап қоюшыға моральдық-психологиялық азап пен эмоционалдық күйзеліс туғызды.
Осыған байланысты сот талап қоюды қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу ретінде талап қоюшының пайдасына патологиялық бюродан 1 млн теңге өндірді.
Қызылорда мәйітханасында екі сәбидің мәйітін ауыстырып жіберген
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?