Жаңалықтар

Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді

Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді
11.05.2023 05:17 954

Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бағдарлама аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәләмбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі.

Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек-дуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді. Оның 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға