Жаңалықтар

«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды атқан Шу тұрғындары ұсталды

«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды атқан Шу тұрғындары ұсталды
Фото: © Polisia.kz 11.10.2023 15:03 608

Шу тұрғыны Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты Бел станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.

49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың Mitsubishi Pajero автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі, жарық шамы табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға