Жаңалықтар

QYZPU-дің мыңнан астам студенті балаларға сабақ бере бастайды

QYZPU-дің мыңнан астам студенті балаларға сабақ бере бастайды
Фото: gov.kz 12.10.2023 22:31 534

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мыңнан астам 4 курс студенті 27-қарашадан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сабақ бере бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оларды осы сәтке дайындауға университет оқытушылары біліктілікті арттыру орталығымен бірлесіп арнайы тәжірибелік курсты бастап кетті. 72 сағаттан тұратын курста жас ұстаздар балалармен қалай тіл табысу керек, оларға сабақты қалай өту керек, сондай-ақ сөйлеу мәнері мен киім үлгісіне дейін жетекшілерінен тәлім алады.

Жас ұстаздар балабақша, SOS мектеп пен орта мектептер, лицей, гимназия, колледждерде 12 апта, яғни 30-наурызға дейін сабақ беретін болады. Сондай-ақ жас мамандар ғылыми зерттеу институттары мен аудандық мәдениет және оқушылар үйлерінде де тәжірибеден өтетін болады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға