Жаңалықтар

Qyzpu-да халықаралық ғылыми конференция басталды

Qyzpu-да халықаралық ғылыми конференция  басталды
Фото: qyzpu 29.05.2023 19:14 916

Бүгін қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» атты ірі ғылыми конференция басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Екі күнге созылатын ауқымды шараға алыс-жақын шетелден профессор, ғалымдар қатысып, көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқыға салды. Аталған шара білім беру зерттеулері арқылы мектептерді жетілдіру және болашақ ұстаздар даярлығы мен мектеп тәжірибесі арасындағы алшақтықты жою тақырыбын қамтыды.

Конференцияның бірінші күнгі пленарлық отырысына Ұлыбританияның  кембридж университетінің вольфсон колледжінің құрметті мүшесі және hertscam желісінің trustees кеңесінің тең төрағасы доктор Дэвид Фрост және аталмыш университеттің Хомертон колледжінің құрметті мүшесі доктор Элейн Уилсон, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  төрағасының орынбасар тағы басқа білікті мамандар мен ұстаздар қатысты.  

Шараны университеттің басқарма төрағасы, ректор Гүлмира Қанай ашты. Спикерлерді жеке-жеке таныстырған Гүлмира Әмірханқызы «Қазақстандағы педагогикалық білім беру: тәжірибеге негізделген оқу мен оқыту» тақырыбында  алғашқы баяндамасын оқыды. Оқу орынның басшысы еліміздегі педагогикалық бағытта  қандай  өзгерістер бар? Қай бағытқа жылжуымыз керектігі туралы ойын ортаға салды.

Qyzpu-да халықаралық ғылыми конференция  басталды

cурет: qyzpu

Ұлыбританияның кембридждегі вольфсон колледжінің құрметті мүшесі және hertscam желісінің trustees кеңесінің тең төрағасы доктор Дэвид Фрост «университеттер, мектептер және үшінші кеңістік» тақырыбында  өз баяндамасын презентациялық көрсетілім  арқылы  жеткізді.

Адамдар ұлттық оқу бағдарламасын ұстанады және кез келген жағдайда емтихан жүйесі олардың белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғанын білдіреді. Университеттерде не үйрету керек және қалай оқыту керектігі туралы шешім қабылдауда үлкен еркіндік бар, – деді ол.

Ол сондай-ақ, егер сіз университетте жұмыс жасасаңыз, сіз бұл қысымды сезінесіз деді.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы төрағасының орынбасары доктор Назипа Аюбаева «Білім сапасы және мектептің университетпен ынтымақтастығы» тақырыбында сөз қозғады. Айтуынша, көбісі білім сапасының не екенін толық түсінбейді.

Білім сапасының төмендігі, яғни адами капиталдың төмендігі жұмыссыздыққа, жұмыссыздықтан кедейлікке әкеледі. Біз осыны ұғуымыз керек. Білім сапасы ғылыми тұрғыдан 2 түрлі  болады. Біріншісі – өнім, екіншісі – процесс және өнім, – деді Назипа Аюбаева.

Яғни, білім сапасына өнім ретінде емес, бірінші процесті қою керек деп отыр.

Бала мектепте өзін қалай сезінеді? Бақытты ма, бақытсыз ба деген сұрақтарды қою арқылы білім сапасы өзі-ақ артады, – деп тұжырымдады Назипа Аюбаева.

Ал доктор Элейн Уилсон, хомертон колледжі, кембридж университетінің оқу тәжірибесіне сүйене отырып, «зерттеулерге және тәжірибеге негізделген  өзгерістерді жүзеге асыру: covid-тен кейінгі мектеп пен университеттің серіктестігі» тақырыбында  өз ойын былай жеткізді.

Мұғалімдер сыныптарда қолданатын стандартталған 5 балдық бағалау  шкаласын шынымен бұрмалайды. Себебі сіз қолданатын 5 баллдық стандартталған тестілеу шкаласы объективті емес. Шынында да, cunda-lag деректері балалардың белгілі бір уақыт ішінде оқуда шынымен қарқын алғанын көрсетті. Бұл  жақсы нәрсе емес. Ата-аналармен және мұғалімдермен сөйлескенде, біз оларға тым жоғары баға бергенімізді айтты, – деді доктор Уилсон.   

Спикердің айтуынша, оқу қабілетінің жоғалуы балалардың білім сапасының жақсаруына көмектеспейді. Балаладың білім сапасын жақрасту үшін әр балаға жеке  көңіл бөліп, оны мектепке қызықтыра  білу қажет. Егер бала мектепке барғысы  келмесе, оны жоғары деңгейге көтеру өте қиын болатынын айтты.

Qyzpu-да халықаралық ғылыми конференция  басталды

Инклюзивті мектептің бүкіл идеясын жүзеге асыру қиын. Бірақ менің ойымша, бұл өте қажет. Өйткені, бұл зерттеудің нәтижелерінің бірі пандемия кезіндегі оқшаулану тәжірибесі әлеуметтік және эмоционалды оқытуға, әсіресе кішкентай балаларға қатты әсер етті, – деді ол.

Яғни, бағалау жүйесіне қарап, мұғалімдер көбінесе кіші жастағы балаларға зиян келтіретін емтихан тапсыру арқылы тек үлкен сыныптағы балаларға көбірек  назарды аударды. Сондықтан бірінші кезеңте бастауыш сыныптағы балаларды бақылап, олқылықтың орнын толтыруға көмектесуге шынымен назар аудару қажет деп есептейді.

Конференция аясында lesson study бойынша студенттердің ғылыми постерлері мен qyzpu ғылыми жобаларының байқауы өтіп, шетелдік  қонақтар білім  алушылардың  ғылыми жобаларымен танысып, «бос  жұмыс  орындар» және  елімізге  танымал баспалардың кітап жәрмеңкелерін тамашалады.

Шара екі күн қатарынан жалғасады. Яғни, 30 мамырда «көптілділік және сыныптағы тәжірибе» атты  екінші  пленарлық отырыс болады. Сонымен қоса, профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарға арналған «сапалы журналдарда мақалалар жариялау мәселесі» тақырыбында семинар және «қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» атты  кітаптың  тұсаукесерін өткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға