Қызметтік әдеп талаптарын өрескел бұзған: Астана Полиция департаменті қызметкерлердің жұмыстан шығарылуын түсіндірді

Қызметтік әдеп талаптарын өрескел бұзған: Астана Полиция департаменті қызметкерлердің жұмыстан шығарылуын түсіндірді
Фото: instagram.com/police__astana/

Астана қаласының туристік полициясында қызмет атқарған екі қызметкер қызметтік әдеп талаптарын өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы. 

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында екі қызметкердің жұмыс уақытында полицейлерге қойылатын мінез-құлық нормаларына қайшы әрекетке барғаны анықталған.

Ведомство өкілдері полицейлер қандай жағдайда да кәсіби арақашықтықты сақтап, қызметтік әдеп пен белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануы қажет екенін атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және нысанды киімде мұндай әрекетке жол берілмейді. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты және белгіленген мінез-құлық мәдениетін сақтауға міндетті, - деп мәлімдеді Астана қаласы ПД.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылды.

Оқи отырыңыз