Қызғылт құстар мекені: 6,5 мың қоқиқаз Қазақстанға не үшін ұшып келеді?

Қызғылт құстар мекені: 6,5 мың қоқиқаз Қазақстанға не үшін ұшып келеді?
Фото: AI көмегімен жасалды

Көктемде Қорғалжынға ұшып келіп, күз түсе жылы жаққа бет алатын қызғылт қоқиқаздар – бұл өңірдің ерекше табиғи символы. Әлемдегі осы құстар ұялайтын ең солтүстік мекендердің бірі саналатын Қорғалжын биыл да қоқиқазды көруге асыққан жұртты жинады. El.kz тілшісі екінші рет ұйымдастырылған Flamingo Fest фестиваліне барып, қызғылт қанаттылар мекеніндегі ерекше күнді кадрға түсіріп қайтты.

Іс-шара өңірдің табиғи байлығын танытып, экологиялық туризмді насихаттауға арналды. Фестивальге Ақмола облысының әр ауданынан, Астанадан және өзге өңірлерден қонақтар жиналды. 

Атбасар ауданынан келген «Молодость» халық ансамблі «Фламинго» хореографиялық қойылымын ұсынып, құстың қимыл-қозғалысы мен әсемдігін би арқылы бейнеледі. Мерекелік бағдарламаны Қорғалжын ауданының «Нұрлы саз» квартеті жалғастырды.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Қонақтар үшін Flamingo Art көрмесі мен жергілікті қолөнершілер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. 

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Ақмолалық суретшілердің туындыларынан Қорғалжынның кең даласы, көлдері мен табиғаты көрініс тапса, шеберлер келушілерге өз қолымен жасаған бұйымдарын ұсынды.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Жыл сайын Қорғалжын қорығындағы қоқиқаздарды тамашалауға 2 мыңға жуық турист келеді. Олардың арасында қазақстандықтармен қатар шетелдік саяхатшылар да бар.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Фестивальдің ең қызықты бөлігінің бірі – қоқиқаздарды табиғи мекенінде тамашалауға арналған экскурсия болды. 

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Қорық мамандары мен гидтер келушілерге аймақтың экожүйесі, сирек құстардың тіршілігі және ерекше қорғалатын аумақта сақталуы тиіс ережелер туралы айтып берді.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Қазақстан аумағына жыл сайын шамамен 6,5 мың қоқиқаз ұшып келеді. Олар негізінен Теңіз және Шалқар көлдерінде, сондай-ақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында кездеседі. Қорғалжынға сәуір айында келетін құстар күзде жылы жаққа бет алып, Иран, Ауғанстан және Пәкістан аумағына қоныс аударады.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Қорғалжын табиғатын алғаш рет көруге келгендердің арасында Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич те болды.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Дипломаттың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істеген екі жылдан астам уақыт ішінде оған Қорғалжын қоқиқаздары туралы бірнеше рет айтылған. Бұған дейін Қазақстандағы ЕО елшілері де бұл мекенге барғанын білген соң, ол Қорғалжынға арнайы сапар ұйымдастыруды жоспарлаған.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Қазақстанға жұмысқа келген кезімнен-ақ қоқиқаздар туралы көп естідім. Кейін бұрынғы елшілердің де Қорғалжынға барғанын білдім. Сол кезде бұл жерге міндетті түрде келемін деп шештім. Ақыры Ақмола облысына сапар ұйымдастырып, жоспарымыздың жүзеге асқанына өте қуаныштымын, – деді Алешка Симкич.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Елшіге қоқиқаздармен қатар Қорғалжынның табиғаты да ерекше әсер қалдырған.

Көл өте көркем, айналадағы дала да бірден баурап алады. Қоқиқаздардың өзі ерекше құс болғанымен, Ақмола облысының табиғаты да ғажап әсер қалдырды. Өткен аптада Көкшетауға алғаш рет барып, ондағы әсем көлдерді көрдім. Жалпы, Қазақстанды көп аралаймын. Елдеріңіздің табиғаты маған өте ұнайды, – деді дипломат.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Flamingo Fest Қорғалжында алғаш рет былтыр ұйымдастырылған. Мәдениет, табиғатты қорғау және туризмді тоғыстырған фестиваль биыл екінші рет жалғасын тапты. Шараның басты кейіпкері саналатын қызғылт қоқиқаздар бүгінде Қорғалжынның ғана емес, Ақмола облысының табиғи символдарының біріне айналып келеді.

Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Оқи отырыңыз