Жаңалықтар

Қызғаныштан атып тастаған: Өскеменде танымал спортшы көз жұмды

Қызғаныштан атып тастаған: Өскеменде танымал спортшы көз жұмды
Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі 15.01.2024 15:58 2387

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде боксшы Эльер Юнусметовті атып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 қаңтар күні болған. Қанды қылмыс тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй 34 жастағы Эльер Юнусметовтің басынан екі рет атқан, спортшы сол жерде қайтыс болған.

Былғары қолғап шеберіне оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы ер адам мұндай әрекетке әйелін қызғанып барғанын айтты.

ШҚО полициясы өзге ақпарат жария етуге келмейді деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға