Жаңалықтар

Қыздармен суда доп ойнаған: Қосшыда 13 жастағы мектеп оқушысы суға батып кетті

Қыздармен суда доп ойнаған: Қосшыда 13 жастағы мектеп оқушысы суға батып кетті
Фото: Қосшы қаласы ТЖБ баспасөз қызметі 08.06.2023 11:00 8077

Қосшы қаласындағы жағажайлардың бірінде 13 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қосшы қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 маусым күні 17:30 шамасында ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Ж. Жақыповтың ұялы телефонына Қосшы қаласының жағажайының бірінде адам суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар барып, мән-жайды анықтау барысында 13 жастағы қыздың  суға батып кеткені анықталды.

Жағажай аумағына барған жұмыс тобы 2010 жылы туған Қосшы қаласының тұрғыны суға батып кеткені анықталды. Мәйіт ТЖБ қызметкерлері келгенге дейін коммуналдық жағажайдың құтқарушы жасағының күшімен судан табылды. Осы орайда, ата-аналарға суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды, рұқсат етілген аймақтар мен су айдындарында ғана шомылу керек екенін ескертеміз - деді Қосшы қаласы ТЖБ бастығы Асқар Жақыпов.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушылары үлкендердің қарауынсыз өз беттерімен жағажайға келген. Шомылу барысында қыздар су добын ойнау кезінде досынан көз жазып қалған. Кейін, олар құтқарушыларды көмекке шақырған. Жағажайдың кезекші құтқарушысы дереу көмекке келіп, қыз денесін су түбінен анықтаған. Оны жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көмек көрсеткен.

Айта кетейік, оқиға орын алған су қоймасының максималды тереңдігі 2 метр, ұзындығы 10 метрді құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға