Жаңалықтар

Қыздарға қырындаймын деп басы бәлеге қалған Еспанов қызметінен қуылды

Қыздарға қырындаймын деп басы бәлеге қалған Еспанов қызметінен қуылды
Фото: Instagram/ espanov_olzhas 21.02.2024 11:30 31679

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қыздарға интимдік сипатта хат жазып, басы дауға қалған. Енді ол жұмыс істейтін оқу орны еңбек шарты бұзылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әншінің блогер баласы желіде қызға қырындаймын деп бейәдеп әңгіме айтқан. Онда ол жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған.

Олжас Еспанов жұмыс істейтін Сүлеймен Демирел университетінің ұжымы да бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Әлеуметтік желіде СДУ қызметкеріне қатысты келеңсіз оқиға болды. Бұл жағдай университеттің ішкі тәртібіне сай келмейтінін бәріміз білеміз. Сондықтан қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Айта кетейік, Олжас Еспанов педагогикалық бағытта жұмыс істемеді. Әкімшілік бөлімге қарайтын, баспахананың қызметкері болды. СДУ университеті сапалы білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. СДУ қызметкерінің тарапынан осындай келеңсіз жағдай болғанына өкінеміз, – делінген ресми ақпаратта.

Ал Еспановтың ұлы өзі туралы таралған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның болғанын жоққа шығармады.

Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз, – деп ақталды Олжас. 

Айта кетейік, Олжас Еспанов өзінің басынан өткерген оқиғасын арқау етіп, «Ол – жас махаббат» кітабын жарыққа шығарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға