Жаңалықтар

Қыздар университетінің студенттері тазалау жұмысына тартылғаны рас па?

Бұл туралы университет әкімшілігі мәлім етті
Қыздар университетінің студенттері тазалау жұмысына тартылғаны рас па?
Фото: azattyq-ruhy.kz 27.01.2023 16:06 951

Әлеуметтік желілерде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» студенттері жатақханада жөндеу жұмысынан кейін ғимараттың ішін тазалап жатқандары туралы видео тарады. Университет тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оқу орнының сайтында ресми жауаптарын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазіргі уақытта студенттердің бұл үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Университет басшылығы тарапынан жөндеу жұмыстарына білім алушылар ешқашан тартылған емес және алдағы уақытта да тартылмайтындығын мәлімдейді. Осы оқиғаға байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Алматы қаласының прокуратурасына заңда көзделген жауапкершілікке кінәлі адамдарды тарту туралы тиісті өтініш жіберді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта №3 студенттер үйін жөндеу жұмыстары бойынша мердігер компания тартылғандығын мәлімдеді.

«Мердігер ұйыммен шарт конкурстық рәсімдер және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы аясында жасалды. Жөндеу жұмыстарына тек осы ұйымның қызметкерлері ғана қатысады. Мердігер ұйым келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қысқы демалыс кезеңінде кірісіп, қазіргі уақытта жұмыстарды қабылдау бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ал студенттердің жуынып-шомылуы мен тазалау жұмыстарына тартылу мәселесі Университеттің жауапты тұлғаларының бақылауында екені белгілі болды. Қазіргі уақытта басшылық тарапынан тиісті қызметтік тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға