Қыз-келіншектер қандай әшекей тағады?

Қыз-келіншектер қандай әшекей тағады?
Фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі

Qazaq Creative экожүйесіндегі Mura мәдени кеңістігі қазақ қыздарының әшекейлеріне сән шолу жасап, тарихына тоқталды. Қазақ қызының көркі – әшекейінде ғана емес, сол әшекейге сыйған тарихында екенін көрсеткен орталықтың жазбасы әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті. 

Құдағи жүзік

Құдағи жүзігі – құдағилардың бір-біріне беретін жүзігі. Екі отбасының құда болғанын, енді олардың бір-біріне туыс екенін білдіретін жүзік.

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Шолпы

Шолпы шаштың ұшына, ал шашбау бұрымның түбіне тағылып, шашпен бірге өрілген. Әшекейлердің салмағы шашты ауырлатып, қыз баланың жас кезінен арқасын тік ұстап, сымбатты әрі сәнді жүруіне ықпал еткен. 

Шолпының сыңғыры да өзіндік белгі болған. Үйге қыз бала кіріп келе жатқанын әшекейдің сыңғырынан-ақ сезген үлкендер сол сәтте өздерін реттеп, жинақталып отырған.

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Құстұмсық жүзік

Құстұмсық – қыздар тағатын сақинаның бір түрі. Оның рәміздік мәні «құстай ерікті, өз еркі өзінде», яғни қыздың бойдақ екенін білдірген. 

Қыз тұрмысқа шыққаннан  кейін төркіні Құстұмсықты киімдерінің арасына қосып жіберетін болған. Қыздың інілері мен сіңлілері жағдайын білуге келгенде, ол жүзікті төркініне қайтарса, бұл оның барған жерінде жағдайы жақсы екенін білдірген. 

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Сырға

Қазақ әйелдеріне арналған. көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан  ырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар, қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді және тағы басқа түрлері болған. 

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Білезік

Білезікті қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де білегіне салады. Тіпті қыз бала 3-4 жасқа толғанда-ақ ата-анасы бойын түзеп, сән-салтанатта өссін деп білезіктер соқтырған. 

Білезіктердің үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі, жасалу материалы, түрі әркімнің өз қалауынша болады. Білезік сәукеле сияқты қыз жасауының құрамына енген. 

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі

Бес білезік

Білезікке үш-төрт сақина тізбектермен бекітілген. Сұқ саусақтағысы – нағашы жұрты, ортаңғысы – төркіні, ал үшіншісі – өз жұрты деген мағынаны білдіреді. 

Осы үш жұрт бірігіп келіп, ортаңғы тұста отау құрылады. осындай отаудан кейін отаның (білезігі) құрылады. 

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Өңіржиекті

Өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын-омырауына сәндікке таққан. Өңіржиектің әрбір бөлшегі терең мағынаға ие. Оның жан-жағындағы көп салпыншақтар ұрпақтың өсіп-өркендеуі, оның жалғастырушы әйел адамның рөлі, өсімдіктектес өрнектің барлығы қанат жаю, өмірдің жалғасын, жаймашуақ күндерді, көбеюді білдіреді. 

фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 
фото: Qazaq Creative, Mura ұлттық мәдени кеңістігі 

Белбеу

белбеуді ерлер де, әйелдер мен бойжеткендер де, жас балалар да тағады. Дәстүрлі ортада 13 жасқа толған балаға жақсы-жаманды айыратын жасқа толды, тіршілік қамына араласатын кезеңі келді, беліңді бекем бу деген ұғымды білдірсе керек. 

Оқи отырыңыз