Жаңалықтар

Қытайлық компанияға Қазақстандағы тоқыма және дәрі-дәрмек өндірісіне инвестиция салу ұсынылды

Қытайлық компанияға Қазақстандағы тоқыма және дәрі-дәрмек өндірісіне инвестиция салу ұсынылды
Фото: gov.kz 20.08.2023 12:05 809

Бейжің кездесулерінің қорытынды отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қытайдың GENERTEC мемлекеттік компания тобымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Холдинг консалтинг, медицина және денсаулық сақтау, сауда және инжиниринг саласындағы озық өндірістік және технологиялық қызметтерді дамытуға маманданған.

Үш негізгі бағыт – жабдықтарды, материалдарды өндіру, инспекциялар және сертификаттау сынағы. Қытайдың машина жасау, тоқыма өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттарына, ұлттық кешенді зерттеу және сынақ институттарына ие. Өнер табыстарға 515 патентібар. Топқа ҚХР аумағындағы 25 операциялық кәсіпорын және дүние жүзіндегі 70 шетелік филиал кіреді, сонымен қатар биржада тіркелген төрт компанияға иелік етеді.

Қазақстанда 2018 жылы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «China National Machinery IMP. & EXP. CORP» (GENERTEC еншілес ұйымы), «СарыарқаАвтоПром»-ның капиталына кіру үшін 1,1 млрд долларға инвестициялық келісімге қол қойды.

Серік Жұманғарин GENERTEC басқарма төрағасы Ю Сюйбомен кездесуде Қазақстанға инвестиция көлемін кеңейтуді ұсынды.

Бізде фармацевтика бойынша үлкен бағдарлама бар. Біздің міндетіміз – халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасызету ғана емес, ұлттық дәрілік тәуелсіз құру. Біз Қазақстанға осы нарықтарға кірудің екі нұсқасын қарастыруды ұсынамыз. Біріншісі - жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндірушілердің капиталына кіру немесе жаңа компания құру және өз зауытын салу. Біз өте жақсы шарттарды, мемлекет тарапынан кепілдендірілген сатыпалуды ұсына аламыз. Бұл нарықта ең жақсы инвестицсалу шарттар бар. Екіншісі – «Сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 11 облыста жоспарланған ірі медициналық кешендердің құрылысына қатысу.

Ю Сюйбо GENERTEC компаниялар тобында матағаарналған технологияларды шығаратын өндіру мен айналысатын бөлімше бар екенін атап өтті. Бұған жауап ретінде Серік Жұманғарин өзбек әріптестерімен бірге Түркістан облысында тоқыма кластерін құру туралы хабарлады.

«Біз күш біріктіріп, тоқыма кластерін жасай аламыз. Бізде мақта бар, бірақ оны толығымен қайта өңдей алмаймыз. Біздің қайта өңдеу көлемі өндіріс көлемінің тек 10% құрайды», — деп ұсынды С. Жұманғарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға