Жаңалықтар

Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды

Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды
Фото: El.kz 17.03.2023 15:36 762

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express "Atasu Logistics" ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды, деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға