Жаңалықтар

Қытайдағы App Store-дан WhatsApp пен Telegram өшірілді

Қытайдағы App Store-дан WhatsApp пен Telegram өшірілді
Фото: ©Pixabay.com 19.04.2024 17:05 325

Американдық Apple компаниясы жергілікті биліктің талабына байланысты қытайлық App Store-дан WhatsApp, Telegram, сонымен қатар Threads секілді мессенжерлерді өшіріп тастады. Бұл туралы Wall Street Journal-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WhatsApp пен Threads, сондай-ақ Signal, Telegram және Line секілді хабарлама алмасатын қосымшалар жұма күні қытайлық App Store-дан өшірілді.

Apple жұмыс істейтін елдің заңдарын сақтауға міндетті екенін мәлімдеді. Бірақ бұл компанияның биліктің ұстанымымен келісетінін аңғартпайды деп отыр. Тим Кук компаниясы өкілдерінің мәліметінше, Қытай билігі қосымшаларды қауіпсіздік мақсатында да өшіруді талап еткен. Дегенмен АҚШ бұған жауап ретінде TikTok-ты бұғаттай ма, ол жағы әзірге белгісіз. Бірақ кейбір штаттар осындай бастама көтеріп жатқан.

Sensor Tower сараптамалық фирмасының есептеуінше, американдық танымал қосымшалар соңғы он жылда Қытайда жалпы есеппен 170 млн рет көшірілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға